UIPM Қазақстанның бессайыс федерациясын марапаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Халықаралық заманауи бессайыс одағы 2018 жылды қорытындылап, үздіктерді анықтады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жыл қорытындысы бойынша Астанада өткен әлем кубогінің финалдық бәсекесі үздік жарнамаланған сайыс аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Одан бөлек, UIPM Құрмет залына енген 15 адамның қатарына қазақстандық Досымбетов Тимур Қамалұлы да қосылды. Ол еліміздегі және әлемдегі замануи бессайысты дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет залынан орын алды.

Бүгінге дейін Халықаралық замануи бессайыс одағының Құрмет залына енген танымал тұлғалар қатарында олимпиадалық қозғалыстың бастауында тұрған Барон Пьер де Кубертен, ХОК президенті ретінде 21 жыл жұмыс істеген Хуан Антонио Самаранч, заманауи бессайыстан Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері Павел Ледневтер бар.

Соңғы жаңалықтар