Уимблдон: Елена Рыбакина ширек финалға өте ала ма

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін Уимблдонда төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 13-орында тұрған бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ширек финал жолдамасын сарапқа салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қос спортшы үшін маңызды бәсеке Астана уақытымен сағат 18.30-да басталады.

Қазақстандық теннисшінің өзі мойындағанындай, төртінші айналымда оған өте күшті қарсылас тап болды.

Осыған дейін олар биыл Әбу-Дабиде және Штутгартта кездесіп, екеуінде де бразилиялық ойыншының асығы алшысынан түсті.

Енді соның есесін Елена Рыбакина қайтара ала ма, оны бүгінгі бәсеке көрсетеді. Оның үстіне Беатрис Хаддад Майя Уимблдонда бастапқы кездесуінде тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваны жолдан тайдырған болатын – 3:6, 6:0, 6:4.

Өткен жылы Лондонда чемпиондық тәж киген Е.Рыбакина аталмыш жарыста қатарынан он рет жеңіске жетті. Биылдың өзінде алғашқы айналымда америкалық Шелби Роджерсті (4:6, 6:1, 6:2) тізе бүктірсе, сосын франциялық Ализе Корнені ұтты – (6:2, 7:6 (7:2). Үшінші айналымда ұлыбританиялық Кэти Бултерді бет қаратпады – 6:1, 6:1.

Бүгін сондай-ақ Анна Данилина аралас жұпта франциялық Николя Маюмен бірге италиялық Андреа Вавассори – ресейлік Людмила Самсоновамен ширек финал жолдамасы үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы өте күшті екенін айтқанын жазған болатынбыз.

Уимблдонда Александр Бублик 39 эйс жасағанымен, ширек финалға шыға алмады.

Уимблдонда Анна Данилина 1/8 финалға өтті.

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың финалында есе жіберді.


Соңғы жаңалықтар