Уимблдон: Бублик 39 эйс жасағанымен, ширек финалға шыға алмады

None
Фото: twitter.com/Wimbledon
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар өзара бес рет кездесіп, соның үшеуінде ресейлік спортшы ұтқан еді.

Бұл жолы бірінші және екінші партияда А.Рублев брейк-пойнттарын мүлт жіберген жоқ - 7:5, 6:3. Ал А.Бублик сондай бес мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен бұдан Бублик екі тай-брейкте сәтті ойнады - 7:6 (8:6), 7:6 (7:5).

Әйтсе де шешуші, бесінші партияда Рублев тағы бір брейк жасап, жеңісті жұлып алды - 6:4.

Осылайша, бәсеке барысында А.Бублик 39 эйс жасағанымен, ол жеңіс үшін жеткіліксіз болды.

Соған қарамастан, Александр Бублик спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» жарысының төртінші айналымына дейін жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдонда төртінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз. Спортшы келесі қарсыласы өте күшті екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар