Уимблдон: Анна Данилина аралас жұпта 1/8 финалға өтті

None
Photo: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Анна Данилина аралас жұпта Уимблдон турнирінің 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші 41 жастағы франциялық жұптық өнер шебері Николя Маюмен бірге бастапқы кездесуін аргентиналық Андрес Мольтени – ресейлік Яна Сизиковамен өткізді.

Қазақстандық-франциялық жұп 6:1, 6:4 есебімен оңай жеңіске жетті. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта олар 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

А.Данилина – Н.Маю ширек финалға шығу үшін италиялық Андреа Вавассори – ресейлік Людмила Самсоновамен таласады.

Осылайша, Уимблдон жарысында Қазақстаннан Елена Рыбакина мен А.Данилина ғана қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдонда төртінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз. Спортшы келесі қарсыласы туралы айтты.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында өнер көрсетеді. Ал Александр Бублик Уимблдонда 39 эйс жасағанымен, ширек финалға шыға алмады.


Соңғы жаңалықтар