Уильям Перри: Нұрсұлтан Назарбаев - ядролық қарусыздандыру ісінде сөзсіз көшбасшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Қазақстан Президенті Нұсұлтан Назарбаевты ядролық қарусыздандыру ісінде көшбасшы екендігін айтты. Бұл туралы ол Мәскеуде «Ядролық тұңғиық шетіндегі менің жолым» атты кітабының тұсаукесерінде мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі РФ-дағы ҚР-ның сайтына сілтеме жасап.

«Меніңше, Қазақстан біздің планетаны ядролық қарусыз әлемге жетелеп бара жатқан жаһандағы елдердің ішінде жетекші мемлекет. 1994 жылы Қазақстан өз еркімен өзінің ядролық арсеналдарынан бас тартатыны туралы шешім қабылдады және бүгінде аталмыш мемлекет ядролық отынды сақтау бағытында маңызды рөл атқарып отыр. Қазақстан мен оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл процесстегі еңбегіне өте жоғары баға беруге болады», - дейді АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі.

Айта кетсек, Уильям Перри АҚШ-тың Қорғаныс министрлігін Билл Клинтонның әкімшілігі кезінде 1994 жылдан 1997 жылға дейін басқарған. Қазіргі уақытта ядролық қауіптің алдын алу бойынша Халықаралық Люксембург форумы Бақылау кеңесінің мүшесі болып отыр. Өзінің «Ядролық тұңғиық шетіндегі менің жолым» атты жаңа кітабында ол ядролық кезең туралы кең пайым жасап, осынау жаһандық қауіпке қатысты оқырмандарымен ой бөліседі.

Соңғы жаңалықтар