Уильям ханзада мен Кейт Миддлтон соңғы сегіз жылда алғаш рет АҚШ-қа барды

None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Уэльс ханзадасы мен ханшайымы сәрсенбі күні Бостонға ұшып келді. Олар жұма күні «Earthshot Prize Awards» сыйлығын табыстаудың екінші рәсімін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Уильям климат өзгерісіне арналған сыйлығын 2020 жылы адамзат алдында тұрған кейбір өзекті экология мәселелерін шешу мақсатында әлемдегі ең мықты ақыл-ойды біріктіру үмітімен бекітті.

Жыл сайын келесі онжылдықта бес жеңімпаз климаттық дағдарыстың шығармашылық шешімін қаржыландыру үшін 1 миллион фунт стерлинг (шамамен 1,12 миллион доллар) алады.

Осы жобаны ойластырған кезде Ұлыбритания тақ мұрагері президент Джон Кеннедидің 1962 жылы АҚШ-қа ғарышты игеруді тапсырған кездегі «Moonshot» («Айға ату») деген сөзінен шабыт алған.

Король отбасының 40 жастағы өкілі мәлім еткендей, биылғы рәсімге Бостон әдейі таңдап алынған, өйткені қаланың университеттері, ғылыми орталықтары және жарқын стартаптары оны ғылым, инновация және шексіз амбиция саласындағы әлемдік көшбасшыға айналдырады.

Ақ үйдің хабарлауынша, Уильям мен Кейт жұма күні Бостонда АҚШ президенті Джо Байденмен кездеседі деп жоспарланған.

Бұл - король отбасының сегіз жыл бұрын Нью-Йоркке келгеннен кейінгі АҚШ-қа алғашқы сапары.


Фото: Chris Jackson/ Getty Images


Соңғы жаңалықтар