Уил Эско Головкинге қиындық төніп тұрғанын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Badlefthook.com сайтының журналисі Уил Эско Сауль Альварес пен Флойд Мэйвезерді салыстырып көріп, Геннадий Головкинмен өтетін қарымта кездесуді қалай сәтті алып шығатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz

«Әдетте Головкин қарсыласын рингтің шетіне қарай итеріп, жұдырықтасудың түр түрін көрсетіп жатады. Алайда «Канелодан» бірнеше мәрте соққы алып, абдырап қалған сәттері де болған. Мұны проблема ретінде қарастыруға болады, себебі «Канело» - рингті жағалап жүріп-ақ шебер қорғанатын боксшы», - дейді журналист.

Еске салайық, «Канело» - GGG рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

Соңғы жаңалықтар