ҮИИД бағдарламасының келесі бес жылдығында 505 кəсіпорын ашылады - Н.Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының келесі бес жылдығы аясында Қазақстанда 505 кəсіпорын іске қосылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан телеарналарына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мəлім етті.

"Индустрияландыру бағдарламасы - біздің ендеп келе жатқан дағдарысқа қайтарған жауабымыз еді. Яғни, шикізаттан аулақтап, Қазақстанның өңдеуші өнеркəсібін дамыту мақсатын көздедік. Сондықтан индустрияландыру бағдарламасын қолға алғанымыз дұрыс болды. 2010-2014 жылдары, яғни, индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бес жылдығында ашылған 890 кəсіпорынға 5,3 трл теңге жұмсалды. Осы қаржының 74 пайызы - жеке кəсіпкерлердің, бизнестің қаржысы. Қалған қаржы банктердің несиесі жəне мемлекет бөлген бір бөлек қаражат бар. Яғни, бизнес 3,8 трлн теңге бөлді. Бірақ осы қаржының көмегімен ашылған кəсіпорындар 5,3 трлн теңгенің өнімін шығарып, мемлекет бюджетіне қаржы құйды. Яғни, бұл бағдарлама өзін-өзі ақтаған бағдарлама", - деп түсіндірді Елбасы. Оның үстіне, Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл бағдарламаның арқасында мыңдаған қазақстандықтардың жұмысмен қамтылғаны тағы бар. "Бізде сын айтушылар көп қой. Бұл мемлекеттік бағдарламаны да бекерге санағандар бар болды. Бірақ, менің ойымша, индустрияландыруды дер кезінде қолға алдық. Сондықтан бағдарламаны тоқтатпаймыз. Биыл 120 кəсіпорынды іске қостық. Келесі бес жылдықта 700 кəсіпорын емес, 505 кəсіпорын іске қосылады. Ол кəсіпорындарда мыңдаған қазақстандық жұмыс табады", - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар