ҮИИД аясында жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуде сатып алулардың ай сайынғы орташа көрсеткіші 120 млрд теңгені құрайды

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру жылдары «Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша операциялар жүргізу барысында қолданылатын тауарлардың,

жұмыстар мен қызметтердің тізілімі» ІТ-жүйесінде сатып алулардың ай сайынғы орташа көрсеткіші 120 млрд теңгені құрайды.

2013 жылы ұлттық компаниялар мен отандық тауар өндірушілердің арасындағы ұзақ мерзімдік келісімшарттардың жоспарланған көлемі 1 трлн теңгеден астам соманың 1500 шақты тауарын құрап отыр.

NADLoC интернет-ресурсына күнделікті кірушілердің саны соңғы жылы 500-ден 40 000 пайдаланушыға дейін өсіп отыр, бұл ақпараттық жүйелердің өнімділігін ұлғайтудың арқасында мүмкін болуда.
Мұнай-газ және кен-руда секторы компаниялары жергілікті қамтуды дамытудың қажеттілігі мен басымдықтарын түсіне бастады. Олардың тарапынан сатып алу көрсеткіштері едәуір өсіп отыр. Мысалға «Қазақмыс» компаниясын атауға болады. Компания былтыр жергілікті компаниялардан 252 млрд теңге соманың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алды. Таратып айтар болсақ: 134 млрд теңге сомаға - тауарлар, 118 млрд теңгеге - жұмыстар мен қызметтер сатып алды. Жергілікті қамтудың үлесі 2009 жылғы 36% көрсеткіштен 2013 жылғы 62% дейін өсіп отыр.

Соңғы жаңалықтар