+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Уханьнан тағы бір қазақстандық студент эвакуацияланды

2020 жылғы 20 ақпан 13:58
Бөлісіңіз:
Уханьнан тағы бір қазақстандық студент эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Уханьнан тағы бір қазақстандық студент эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 400-ге жуықтады Қарағандыда коронавирус жұқтырған 3 адам ауыр халде жатыр Коронавирустан сақтанудың оқшаулану мен тазалықтан басқа жолы жоқ - Бүркітқан Ақбайұлы

«Кеше сағат 22-30-да Алматы қаласының халықаралық әуежайына Украина әуе желілерінің бортында 91 жолаушысы бар ұшағы Қытайдың Ухань қаласынан келіп қонды. Олардың арасында Ухань технологиялық университетінің 3 курсында оқитын біздің студент қызымыз да бар. Ол Алматы қаласына эвакуацияланып, ұшақ ары қарай ұшып кетті. Алматыда оны қарсы алып, барлық профилактикалық шаралар жүргізілді. Дене қызуы болған жоқ, денсаулығы қанағаттанаралық, ешқандай шағымы жоқ. Алдын алудың барлық нормалары сақтала отырып, ол Алматының көпбейінді клиникалық ауруханасына жеткізілді. Сол жерде дәрігерлердің қарауында 14 күн карантинде болады», - деді ол.

Диас Ахметшәріптің айтуынша, студент қыздан коронавирус белгілері анықталған жоқ. Ауруханаға жеткізілген соң барлық қажетті сараптамаларды тапсырады.

«Екінші студент қыз да осы рейспен ұшып келуі тиіс болатын. Бірақ, ұшаққа отырғызар сәтте оның дене қызуы 37 градус екендігі анықталды және қытай билігі оны бортқа жібермеді. Себебі бұл Қытай билігі тарапының стандартты шарасы саналады. Әзірше, ол Ухань қаласында. Біз оның денсаулығын қадағалап отырамыз», - деді министрлік өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT