+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Ухан қаласындағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау қарастырылып жатыр - ДСМ

2020 жылғы 27 қаңтар 18:00
Бөлісіңіз:
Ухан қаласындағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау қарастырылып жатыр - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирустың жаңа түрі анықталған Қытайдың Ухан қаласындағы қазақстандықтар эвакуациялануы мүмкін. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазақстандық 98 студентпен тікелей байланыс орнаған. Ол Қытай билігі жоғары оқу орындарында оқитын барлық шетелдік студенттерді бақылауға алуды тапсырғанын сөз етті.

«Бүгінде Үкімет студенттерімізді эвакуациялау мәселесі бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Жақын арада шешім қабылданады, сол кезде қосымша хабарлаймыз», - дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын Қытайдан келетін азаматтарымызды қабылдау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Ухан қаласында қазақстандық 98 студент бар. Қазір алгоритм құрып жатырмыз. Ол бойынша азаматтар тізімі медициналық ұйымдарға жіберіледі. Олар 14 күн бойы медициналық бақылау жүргізеді. Одан кейін медициналық ұйымдардағы сынамаларға диагностика жасау үшін зертханаға жібереміз. Оның нәтижесін ДДСҰ-ға жолдаймыз және Ресей Федерациясындағы мамандармен бірлесе жұмыс істейміз», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT