Уханьда коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бірнеше күн бойы COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталмаған елдің эпидемия ошағы болған Ухань қаласында өткен сенбіде коронавирус жұқтырған бір оқиға тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хубэй (Орталық Қытай) провинциясының Денсаулық сақтау істері жөніндегі комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте (2020 жылдың 9 мамыр күнгі сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) Қытайда коронавирус жұқтырған 14 жаңа жағдай тіркелді. Өлім оқиғасы тіркелмеген.

Коронавирус жұқтырған 14 жаңа жағдайының 12-сі жергілікті жерден (Цзилинь пров.-11, Хубэй пров.-1) шықса, екеуі сырттан (Шанхай қ.) әкелінген.

Коронавирустың 20 симптомсыз жағдайы анықталған.

Соңғы мәлімет бойынша, Қытайда коронавирус жұқтыру жағдайларының жалпы саны 82 901 адам. 4633 адам вирустан көз жұмса, 78 120 адам сауығып ауруханадан шығарылды.

Ел ауруханасында 148 адам ем қабылдауда. 13 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланған.


Соңғы жаңалықтар