Уханьда «Қара жорға» билеп танылған қазақ дәрігері үйіне оралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қаражорға» билеп, танымал болған Қытайдағы қазақ дәрігері Бахаргүл Толқын үйіне оралды. Қандасымыз сол өлкедегі Шыңжаңның тумасы. Бұл туралы ҚазАқпарат Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Хирург-дәрігер екі ай бойы, ең қауіпті ошақ Уханьда болып, науқастарды емдеуге көмектесті. Білікті маман қатерлі дертпен күресе жүріп әдемі биімен емделушілердің көңілін көтерген еді.

Баһаргүлдің отбасын көрмегеніне 3 айға жуықтаған. Ата-анасын, жолдасын, әсіресе ұлын қатты сағынғанын айтады. Індетті жеңіп, үйіне аман-есен оралған сәті кең дастархан басында жалғасты. Бауырсақ, құрт, қазы-қарта, шұжық. Қандастарымыз жырақта жүрсе де, қазақтың дәстүрін ұмыт қалдырмаған.

«Ухань халқына көңіл бөлуін білдірттім. Өзім қазақ болғаннан кейін, халық биі қаражорғаны сол жерде билеп бердім. Ухань халқы ішінде жатқан науқастар сондай жақсы көрді. Сіздер өздеріңізді өздеріңіз жігерленіп осындай көңіл күйде болсаңыз ауруды жеңесіз деген ойда болдым» - дейді Бахаргүл Толқын.


Дәрігердің біліктілігі мен мейірімділігінің арқасында қаншама науқас аяқтан тұрды.

«Қазақстан халқына айтатыным біріншісі үйден шықпау, екіншісі үйден шыққасын маск тағу. Үшіншіден өзіңізді өзіңіз жақсы ұстап, көңіл күй жақтан таймау керек, төртіншісі көптеген етті жеп, сүтті ішіп, айран ішіп, жақсы тамақтардан жеп дененің ауқатын жақсы қылу. Біз сіздер мына күрделі вирустан тезірек жеңуіне тілектеспін», - дейді Б.Толқын.

Еске салсақ, «Қара жорға» биі коронавирустан емделіп жатқан науқастарға демеу болғаны туралы жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар