+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Угандада аса қауіпті қылмыскерлердің түрмесінен 219 тұтқын қашып кетті

2020 жылғы 17 қыркүйек 15:20
Бөлісіңіз:
Угандада аса қауіпті қылмыскерлердің түрмесінен 219 тұтқын қашып кетті

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Уганданың солтүстік-шығысындағы аса қауіпті қылмыскерлерге арналған түрмеден 200-ден астам тұтқын бір әскери қызметкерді өлтіріп, қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат кениялық Nation газетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Үндістанда жолаушылар кемесі аударылып, бірнеше адам қаза тапты Филиппинде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам мерт болды Калифорниядағы атыс: шерифтің екі орынбасары жарақат алды

Уганданың түрмелер бойынша бас комиссары Джонсон Бьябашайидің айтуынша, Морото қаласындағы түрмедегі бір топ тұтқын 16 қыркүйек күні күзетшілерге шабуыл жасап, 15 винтовканы алып кеткен. Олардың соңына қамауға алынған басқа қылмыскерлер де ілескен. Олардың жалпы саны - 219 адам.

Джунглиде тығылып жатқан қашқындарды ұстау үшін ауданға әскери бөлім келді. Операцияға бригадалық генерал Флавия Беквасо жетекшілік етеді. Ол жергілікті тұрғындарды қырағы болуға шақырды.

Моротодағы түрмеге ауыр қылмыс жасаған адамдар қамалады. Әзірге үш қашқын ұсталды. Әскерилердің айтуынша, тағы біреуі залалсыздандырылды.

Фото: dailysabah.com
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT