UFC тарихындағы ең жылдам нокауттың видеосы желіге тарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америкалық аралас жекпе-жек шебері Хорхе Масвидаль жартылай орта салмақ санатында бұрын Bellator және One FC чемпионы болған отандасы Бен Аскренді нокаутпен жеңді. Жекпе-жек UFC тарихындағы ең қысқа кездесу болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео Туиттердегі UFCEspanol парақшасында жарияланды.

Айқас бірінші раундтың 5-секундында аяқталды. Масвидаль секіріп қарсыласының басына тізесімен соққы берді. Соққының күшінен Аскрен ауыр нокаутқа түсті.

Бұған дейін аралас жекпе-жек тарихында ешкім қарсыласын 5 секундта жеңбеген.

Айта кетейік, жекпе-жек Лас-Вегас қаласында (АҚШ, Невада штаты) өтті. 34 жастағы Масвидаль кәсіби мансабындағы 34-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұдан тыс 13 рет жеңілген. Ал оның құрдасы Аскрен алғаш рет жеңіліп отыр. Ол бұған дейінгі 19 жекпе-жегінің бәрінде басым түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар