UFC тарихында алғаш рет бір турнирде бірден екі қазақстандық өнер көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UFC әлемдік жетекші промоушені қазақстандық спортшы Сергей Морозовтың жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Оның келесі қарсыласы - қазақстандық Жалғас Жұмағұловты жеңген бразилиялық Раулиан Пэйва, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандықтардың жекпе-жегі UFC Vegas 57 турнирі аясында 26 маусымға жоспарланған.

Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пэйвамен күш сынайды. Ол бұған дейін тағы бір Қазақстан өкілі Жалғас Жұмағұловты жеңген болатын.

Сондай-ақ, осы кеште қазақстандықтар Шавкат Рахмонов (15-0) пен Нил Мэгнидің (26-8) аралас жекпе-жек айқасын тамашалай алады.


Соңғы жаңалықтар