UFC: Сергей Морозов төрешілер шешімімен жеңіске жетті
2022 жылғы 26 маусым 10:08

UFC: Сергей Морозов төрешілер шешімімен жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-5) Лас-Вегаста (АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

UFC Vegas 57 турнирі аясында өткен жекпе-жекте, Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) үш раунд бойы айқасып, қортындысында төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Морозовтың UFC турниріндегі төртінші жеке-жегі. Қазақстандық файтер Умар Нурмагомедов және Даглас Сильва де Андрадеден жеңіліп, Халид Таханы жеңген болатын.

Ал бразилиялық спортшының бұл UFC-дегі жетінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін тағы бір қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловты (14-7) жеңген еді.

Сонымен қатар UFC тарихында алғаш рет бір турнирде бірден екі қазақстандық өнер көрсетті.
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT