UFC: Қазақстандық Мария Агапова қарсыласын үш минуттың ішінде жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UFC алаңында алғаш рет қазақстандық спортшы қыз өнер көрсетті. Мария Агапова UFC on ESPN 10 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол бүгін таңертең Американың Лас-Вегас қаласында көрерменсіз өткен UFC on ESPN 10 турнирінде америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жек өткізді. Бұл айқас Мария Агапованың жеңісімен аяқталды.

23 жастағы қазақстандық спортшы үш минуттың ішінде қарсыласынан басым түсті. Осылайша бұл оның спорт жолындағы тоғызыншы және UFC алаңындағы бірінші жеңісі болды. Ал Сайферс осымен алтыншы рет жеңіліске ұшыраған.

Еске сала кетейік, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапованың ММА бойынша ең ірі промоушн - Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымымен келісімшартқа отырғанын жазған болатынбыз.

Ол әлемнің ең мықты лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 13 маусымда өткізетіні хабарланған.



Фото: vk.com/ufc



Соңғы жаңалықтар