UFC-дегі бірінші қазақстандық спортшы қыздың алғашқы жекпе-жегі қашан өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таяуда UFC-мен келісімшартқа қол қойған қазақстандық 23 жастағы спортшы Мария Агапова әлемнің ең мықты лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 13 маусымда өткізеді, деп жазады MMA Fighting.
Оның қарсыласы – өзі сияқты UFC-де алғаш рет жекпе-жекке шығып отырған Мелисса Гатто.
Агапова аралас жекпе-жекте небәрі тоғыз айқас өткізіп, соның сегізінде жеңіске жеткен. Соңғы екі жекпе-жегін Invicta FC промоушенінде өткізді.
Гаттоға келетін болсақ, бразилиялық спортшы кәсіби деңгейде алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (төртеуінде мерзімінен бұрын). 24 жастағы Мелисса әзірге тек бразилиялық промоушендерде ғана шыққан.
Айта кетейік, Мария Агапова – UFC лигасына шыққан бірінші қазақстандық спортшы әйел.
Фото: Dave Mandel, Invicta FC
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Ұлттар кубогі: Қазақстандық боксшы қыздар 5 «алтын» алды
- Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Ақтөбе» грек командасын жеңді
- Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты
-
Футбол: «Тобыл» ойыншысы Франция чемпионатына ауысты
-
Теннис: Денис Евсеев Түркиядағы турнирдің финалында ұтылып қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам