UFC: Дамир Ысмағұлов қарсыласымен көз арбасты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UFC-де QAZAQ лақап атымен өнер көрсететін қазақ файтері Дамир Ысмағұлов (23-1) келесі жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеуден сәтті өтіп, қарсыласымен көз арбасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салмақ өлшеу нәтижесінде, Дамир таразыда 73.3 кг көрсетсе, қарсыласының салмағы 70.5 кг болды.

Айта кетейік, Дамир 19 маусым күні АҚШ-ның Техас штатындағы Moody Center аренасында өтетін UFC on ESPN 37 аясында грузиялық Гурам Кутателадземен (12-2) жекпе-жекке шығады.

Кештің басты жекпе-жегінде америкалық файтерлер Келвин Каттар (23-5) мен Джош Эмметт (17-2) айқасады.


Фото: mmajunkie.usatoday.com
Соңғы жаңалықтар