UFC 235 турнирінің басты қатысушылары қанша гонорар еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UFC 235 турнирінің басты қатысушылары қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде ұйымның жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Джон Джонс пен Энтони Смит кездесті. Джонс осы турнирге қатысқаны үшін 540 мың АҚШ доллары мөлшерінде гонорар алды. Соның 500 мыңы жекпе-жек үшін, қалғаны турнир алдындағы шараларға қатысқаны үшін төленді. Смит титулдық жекпе-жек үшін 380 мың доллар еншіледі.

Екінші титулдық жекпе-жекте де гонорарлар осылай бөліске салынды: Тайрон Вудли 540 мың, Камару Усман 380 мың доллар алды.

Ресейлік спортшы Забит Магомедшарипов жалпы 114 мың доллар жинады. Соның 55 мыңы оған жекпе-жекке қатысқаны үшін, тағы сонша қаржы жеңіске жеткені үшін, турнир алдындағы шараларға қатысқаны үшін 4 мың доллар төленді.

Соңғы жаңалықтар