Уфадағы кеңседен алып жылан ұрланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция Уфа қаласындағы кеңсе ғимараттарының бірінен ұрланған алып жыланды іздеуде, деп хабарлады бейсенбі күні Башқұртстан бойынша ІІМ-нің баспасөз қызметінен.

Рептилияның жоғалғаны туралы хабарламаны милицияның №3 бөліміне 25 жастағы ер адам берген.

Жас ер адамның айтуынша, 23 ақпанда кеңсеге келгенде экзотикалық асырандының жоғалғанын анықтады. «Оқиғаның криминалдық сипатта болуын рептилияны жылытқан электр жылытқыштың да жоғалғаны білдірді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар