Уфада ата-аналар мектеп тағамдарының дегустациясына шақырылды

None
None
УФА. ҚазАқпарат - Уфа мектептері білім ордасындағы түскі астар мен таңғы астардың сапасымен таныстыру үшін ата-аналар мен журналистерді ашық есік күніне шақырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Башинформ» агенттігіне сілтеме жасап.

Уфа әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мектеп асханаларындағы дегустация қаладағы төрт ауданда өтеді. Ата-аналар барлығы 12 мектепке бара алады.

Атап өтілгендей, қазіргі таңда Уфа мектептеріндегі тамақтануды  үш оператор ұйымдастырады. Олар 116 мың оқушысы бар 128 білім беру мекемесіне қызмет көрсетуде. Балалардың 100 мыңы немесе 95 проценті тамақтанумен, соның ішінде 95 мың оқушы немесе 82 проценті ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

«Ашық есік күндерінің» кестесімен қала мэриясының ресми сайтында танысуға болатыны жазылған. 

Соңғы жаңалықтар