Уфада 120 метрлік мұржа термометр бағанасына айналады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уфада жылу кәсіпорнына тиесілі қаладағы ұзын мұржалардың бірі арнайы шамдармен қаладағы ауа температурасын көрсетеді, деп жазады ufatime.ru порталы.

Қалалық биліктің мемлекеттік сатып алу жөніндегі порталында осындай өтінім орналастырылды. Биіктігі 120 метр, диаметрі 10,5 метр темірбетон мұржаның бойында температура көрсеткіштерін белгілейтін жарық бергіш шамдар орнатылады.

Техникалық талапта арнайы шамдар мұржаның үш жағында сыртында орналастырылып, термометрдің бағандарын көрсетуі тиіс екендігі жазылған. Ауа температурасының көрсеткіштері қоршаған орта температурасына байланысты өзгеріп отыруы тиіс. Шамдар қызыл, ақ, көк және жасыл түсті беруі керек.

Термометрдің бағанасы күн жылы болғанда қызыл және сарғылт түсті, ал суытқанда - көгілдір және көк түсті болады.

Мұржаның ұшар басындағы қарау алаңқайының үстінде 115 метр биіктікте кәсіпорынның символикасы, сондай-ақ уақыт пен температура көрсетілген индикатор орнатылады.

Барлық жұмыстар 2016 жылдың 10 маусымына дейін орындалуы тиіс. Келісімшарттың құны 16,4 млн рубльге бағалануда.

Соңғы жаңалықтар