Уфа әуежайынан көтерілген ұшақ қозғалтқышы өртеніп, қайта қонуға мәжбүр болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уфадан Сочиге  бағыт алған Red Wings әуе компаниясы ұшағының сол жақ қозғалтқышы өртеніп, әуежайға шұғыл қайта қонуына тура келді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Уфа қаласының Халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жергілікті уақыт бойынша таңғы 05:06-да (Мәскеу уақытымен 03:06) Red Wings әуе компаниясының Уфа-Сочи бағытындағы Ту-204 әуе кемесінің сол жақ қозғалтқышы өртеніп, ұшақ Уфа әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бортында 202 жолаушы болған. Олардың барлығы әуе кемесі қонғаннан кейін 7 минут өткен соң үрлемелі басқыштың көмегімен эвакуацияланды», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Әуежай қызметкерлері ешкімнің зардап шекпегенін, жолаушылармен әуе компаниясының өкілі және психологтар жұмыс жасап жатқанын мәлім етті.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар