ҮЕҰ-лар АИТВ-ға қарсы билікпен бірге күресуге уағдаласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарға арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

        Іс-шара ҮЕҰ-мен бірлескен 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты - қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар назарын АИТВ/ЖИТС-тың Астана қаласында таралуы мәселесіне аударту және тұрғындар мен осал топтар арасында АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпарттандыру деңгейін арттыру.

Үкіметтік емес ұйымдар өздерінің  «Пациент мектебі», «Әлемді жарқырат», «Еңбек мигранттары арасында Туберкулез/АИТВ емі мен шекарааралық бақылауы» атты жобаларын таныстырды. Дөңгелек үстелге қатысушылар 2017-2018 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспары  мен АИТВ/ЖИТС-тың алдын алудағы  проблемалық мәселелерді және ықтимал шешімдерді  талқылады.

Іс-шара соңында ҮЕҰ-мен 2017 жылға арналған өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Іс-шараға барлығы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында белсенді жұмыс атқаратын 12 үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар