ҮЕҰ көшбасшылары үшін алғашқы жүйелі оқыту курсы ұйымдастырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық сарапшылар қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарға арналған білім бағдарламаларын жүргізіп жатыр.

«Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «ҮЕҰ академиясы» ауқымды жобасын іске асыруда. Бұл Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының басшылары үшін қажетті құқықтық және басқарушылық білімдердің алғашқы жүйелендірілген курсы.

«Білім беру бағдарламасының бірегейлігі – семинар тыңдаушыларына ҮЕҰ-ды табысты дамыту бойынша озық практикаларды ұсынуда. Белгілі сарапшылар мен бизнес-тренерлер ҮЕҰ қызметін жоспарлау және талдау, қаржыландыру көздерін тарту, ҮЕҰ-ды ілгерілету тәсілдері, жеке даму стратегиясын құру туралы және басқа да білімдерімен бөліседі. Қашықтықтан оқыту формасының арқасында семинарлар мен вебинарлар барлығына қол жетімді. Біздің басты міндетіміз – ҮЕҰ өкілдерін қашықтықтан және мобильді оқытуды ұйымдастыру үшін қазақстандық платформа құру, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің кәсіби дағдыларын дамыту», - деді ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметов.

Бүгінгі таңда ҮЕҰ Академиясына 300-ден астам тыңдаушы жазылды және әртүрлі елдердің жаттықтырушылары тартылды.

Оқыту курстарын Ресейдегі RedMe әлеуметтік бағытталған маркетингтің бірінші халықаралық агенттігінің басшысы Ольга Шаратута, әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша Қырғызстанның сарапшысы Гүлнара Жүнісалиева, стратегиялық және коммуникациялық менеджмент бойынша қазақстандық мамандар – бұқаралық коммуникация саласындағы сарапшы Алина Хаматдинова, стратегиялық және коммуникациялық маркетинг бойынша кеңесші Ильдар Валиуллов және басқалар жүргізеді.

Халықаралық сарапшылар қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қарым-қатынасты ілгерілету әдістеріне, бизнес, ынтымақтастық пен ҮЕҰ-ны жылжыту ерекшеліктеріне, ресейлік кейстер, стратегия, қаржылық жоспарлау және жобаларды басқару мысалында ҮЕҰ-ды дамытудың тиімді құралдарын үйретеді.

«Өте пайдалы және мазмұнды жоба. Мен үшін ҮЕҰ-ды жылжытудың маркетингтік әдістері және ресейлік корпоративтік еріктілік агенттіктерінің шешімдері жаңалық болды. ҮЕҰ дамыту бойынша жаңа және уақтылы ақпарат алдық, оны біздің алдағы қызметімізде міндетті түрде қолдануға болады», - деп атап өтті Қостанай облысының Азаматтық альянсының басшысы Динара Өтебаева .

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасы бойынша гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылуда.


Соңғы жаңалықтар