ҰЭМ Қазақстандағы әлеуметтік салықтың төмендеуі мүмкін мерзімді атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстандағы әлеуметтік салық 2021 жылдан кейін төмендетілуі мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Руслан Дәленовке сілтеме жасап.

Айта кетейік, әлеуметтік салықты ҚР резиденті болып табылатын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімдері, тұрақты мекемелер арқылы Қазақстанда жұмыс істейтін бейрезиденттер төлейді. Әлеуметтік салық ставкасын заңды тұлғалар төлейді және ол еңбекақының 11 % құрайды.

«Әзірге әлеуметтік салықты төмендетуді ұсынып отырған жоқпыз, себебі бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Салық құны айтарлықтай маңызды, бұл ставканың төмендеуін ғана қамтымайды, бюджетаралық қатынастарды өзгерту қажет етеді. Әлеуметтік салық жергілікті бюджетке түсетін болғандықтан, оның орнын қандай салықпен алмастыруды шешіп алу керек. Орталық республикалық бюджетке түсетін салықтың бір бөлігін жергілікті бюджетке жіберу туралы да ұсыныстар болды. Бұл өте өзекті реформа, мұнда қателікке жол берілмеуі керек. Менің ойымша, бұл қадамға асықпаған жөн. Оның үстіне, еңбекақы төлеу қорына негізгі жүктеме 2021 жылға қарай белгілі болады (...) Оған дейін өтемдік нормалар ойлап табуға уақытымыз бар», - деді вице-министр жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы барысында журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Ол еңбекақы төлеу қоры жүктемесінің өзгермейтінін, әйтпесе еңбекақының еш салықсыз төленіп кетуі мүмкін екендігін баса айтты.

Еске сала кетсек, наурыз айында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздегі әлеуметтік салық көлемінің төмендетілуі мүмкін екенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар