UEFA Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан биылғы UEFA Ұлттар лигасында өз тобында Қазақстан құрамасы сапындағы үздік ойыншы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

WhoScored.com футбол статистикасы сайтының нұсқасы бойынша С дивизионы үшінші тобындағы барлық құрама ойыншылары арасында қазақстандық Михаил Габышев жоғары рейтингке қол жеткізді. Оны орташа бағалау 7.3 балды құрады.

Сондай-ақ, аталған топтың символикалық құрамасына Габышевтен өзге тағы төрт футболшы енгізілген.

Еске салсақ, Қазақстан ұлттық құрамасы аталған топта Әзербайжан, Словакия және Беларусьті артқа салып, бірінші орын алды.

Ел құрамасы алты ойынның 4-еуінде жеңіске жетсе, 1-еуінде тең ойнап, 1-еуінде қарсыласқа есе жіберді.

Қазақстандық футболшылар бір тур бұрын В дивизионына жолдамаға қол жеткізді. Оған қоса 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салуға мүмкіндік алды.


Соңғы жаңалықтар