УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан Грузиядан жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін УЕФА Ұлттар лигасы аясында «Астана Арена» стадионында Грузия құрамасын қабылдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолдастық кездесулердің орнына жаңадан ұйымдастырылып отырған турнир кәрі құрлықтың аутсайдер командаларына да Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігін беретін болғандықтан, ойын қызу да тартысты өтетіні белгілі еді. Дегенмен командалар бірінші таймда есінен айрыла шабуылға лап қойған жоқ. Негізінен тең күрестің куәсі болдық. Кезек-кезек шабуылдағанмен, гол соғудың сәті түспеді.

null Ал екінші таймда тартыс қыза түсті. 69-минутта қонақтар сол қанаттан қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Грузиндердің 18-нөмірлі вингері Георгий Чекватадзе қорғаныс шебін сол қанаттан жарып кіріп, айып алаңының сыртынан Ненад Эрич қорғап тұрған қақпаның алыс жоғары бұрышына күшті әрі дәл соққы бағыттады. Өкінішке қарай «Астана» капитаны бұл соққыны қайтара алмады. 

Өз жанкүйерлерінің көз алдында жеңіс үшін алаңға шыққан қазақстандықтар жіберіп алған голдан соң, шабуылға көп мән беріп, қорғанысты ұмытты. 74-минутта қонақтар қарсы шабуылға дүрсе қоя бергенде, алаң иелерінің қорғаныс шебі тағы да сыр берді. Қақпа түбіндегі қарбаласта қорғаушы Сергей Малый абайсызда өз қақпасына гол соғып алды - 0:2.

Біздің жігіттердің жұбаныш голын соғу үшін жасаған әрекеттері зая кетіп, ойын осы есеппен аяқталды.

Осы жеңістен кейін үш ұпай еншілеген Грузия D лигасының 1-тобында көш бастады.

Соңғы жаңалықтар