UEFA Ұлттар лигасы финалдық сатысының жеребесі тартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Ұлттар лигасы финалдық сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нәтижесінде аталған турнирдің финал сатысындағы жартылай финал жұптары анықталды.

Жарыстың аталған сатысында Испания мен Италия, Нидерланд пен Хорватия құрамалары кездеседі.

Ұлттар лигасының финалдық сатысы Нидерландтың Роттердам және Энсхеде қалаларында 14-18 маусым күндері өткізіледі.

Жартылай финал 14 және 15 маусым күндеріне белгіленсе, үшінші орын ойыны мен финал 18 маусым күні болады.

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар С лигасы үшінші тобында Словакия, Әзербайжан және Беларусь құрамаларымен сынға түсті.

Нәтижесінде алты ойынның 4-еуінде жеңіске жетсе, біреуінде тең ойнап, тағы бірінде қарсыласқа есе жіберді .

Қазақстандық футболшылар В дивизионына жолдамаға қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар