УЕФА рейтингі: Ең үздік қазақстандық клуб белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – УЕФА-ның ресми сайты Чемпиондар лигасындағы еуропалық клубтардың тарихи рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуропалық чемпиондар кубогы (қазір Чемпиондар лигасы ретінде танымал) тарихында ең үздік деп танылған клубтар: мадридтік «Реал», мюнхендік «Бавария» және каталониялық «Барселона».

Қазақстандық клубтар арасында бірінші орында елордалық «Астана» тұр. УЕФА рейтингіндегі орны – 107. Сондай-ақ алғашқы 200 клубтың қатарына «Ақтөбе» енді, тізімдегі орны – 145.

Қарағандылық «Шахтер» - 230, Алматының «Қайраты» - 371, Павлодардың «Ертісі» - 422, Қостанайдың «Тобылы» 432-інші позицияға орналастырылды.

Рейтингіге барлығы 526 клуб енген.

ЕЧК/ЧЛ тарихындағы ең үздік 10 клуб:

1. «Реал»;

2. «Бавария»;

3. «Барселона»;

4. «МЮ»; 5.

«Ювентус»;

6. «Милан»;

7. «Ливерпуль»;

8. «Бенфика»;

9. «Порту»;

10. «Аякс».


Соңғы жаңалықтар