УЕФА-ның Суперкубогы Алматыда өтуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының Орталық стадионы УЕФА-ның 2020 жылғы Суперкубогын өткізуге үмітті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА UEFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

УЕФА сайты 2020 жылғы Суперкубокты өткізуге үмітті қалалардың тізімін жариялады. Беделді матчты өзінде қабылдауға әзір тоғыз қаланың арасында Алматы бар.

Толық тізім келесідей:

1.   Тирана, Албания («Ұлттық»)

2.   Минск, Беларусь («Динамо»)

3.   Хайфа, Израиль («Самми Офер»)

4.   Кишинев, Молдова («Зимбру»)

5.   Порту, Португалия («Драгау»)

6.   Белфаст, Солтүстік Ирландия («Уиндзор Парк»)

7.   Хельсинки, Финляндия («Олимпиадалық»)

8.   Ницца, Франция («Стад-де-Нис»)

9.   Алматы, Қазақстан («Орталық»)

Еске салайық, Астана қаласы 2019 жылғы Суперкубокты өзінде қабылдауға өтінім берген болатын. Бірақ комиссияның шешімімен бұл құқық Ыстанбұлға берілді. Суперкубок-2018 Таллинде өтеді. 

Соңғы жаңалықтар