UEFA «Ливерпуль» командасы жанкүйерлеріне өтемақы төлейтін болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA ресми сайтында 2022 жылғы Чемпиондар лигасының финалындағы қолайсыздықтар үшін Англияның «Ливерпуль» командасының жанкүйерлеріне өтемақы төлеу туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалдық сайыс 2022 жылдың 28 мамырында Франция астанасы Париж қаласындағы «Стад де Франс» стадионында өткізілді. Англиялық клуб Испанияның «Реал Мадрид» клубымен шеберлік байқасты.

Ойын басталар алдында жанкүйерлер тарапынан тәртіпсіздік тіркелді. Осыған байланысты кездесу 36 минутқа кешіктірілді. UEFA мен Францияның ішкі істер министрі оған себепші ретінде «Ливерпуль» жанкүйерлерін айыптады.

Кейіннен аталған ұйым оқиғаға байланысты ұйымның өзі жауапты екенін атап өтті.

7 наурызда UEFA «Ливерпульдің» 19 618 жанкүйеріне өтемақы төлейтінін мәлімдеді. Өтемақыны жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-ге дейін стадионға кіре алмаған және «Стад де Франсқа» мүлде жете алмағандар алады. Сондай-ақ, оған «Реал Мадрид» жанкүйерлері мен аренаға кіруде қиындыққа тап болған бейтарап жанкүйерлер де қол жеткізуіне мүмкіндігі бар.

Еске салсақ, Чемпиондар лигасы 1/8 финалында 7 наурыздан 8-не қараған түні қарымта екі ойын өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар