+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

UEFA Конференция лигасында «Тобыл» Хорватияның «Хайдук» клубынан жеңіліп қалды

2021 жылғы 23 шілде 03:01
Бөлісіңіз:
UEFA Конференция лигасында «Тобыл» Хорватияның «Хайдук» клубынан жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу сатысындағы алғашқы кездесуде Қостанайдың «Тобылы» Хорватияның «Хайдук» клубынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан кубогы: «Тобыл» қарсыласынан ойсырай жеңілді Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайсар» көш басына шықты UEFA Конференция лигасы: «Астана» жарыстың үшінші сатысына шықты

«Ха́йдук» 1911 жылы құрылған. Югославия және Хорватия чемпионаттарында 15 мәрте алтыннан алқа тақты.

Сондай-ақ, аталған чемпионаттарда 23 мәрте күміс, 12 мәрте қола жүлде алды.

Бүгінгі кездесуде бірінші кезеңде екі команда терезесі тең деңгейде ойын көрсеткен еді.

Десе де, 21-минутта алаң иелері сапынан Марин Любичич өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезеңде хорватиялық клуб көбірек шабуылға шықты. Қазақстандық клуб негізінен қорғаныста ойнады. Ал 53-минутта Марин Любичич есепті ұлғайтты.

«Тобыл» қарсыласынан 0:2 есебімен жеңілді.

Енді қарымта ойын 29 шілде күні Қостанайда өткізіледі.

Айта кетейік, 2014/15 жылғы кезеңде Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Хайдук» Қарағандының «Шахтерін» орта жолда қалдырып (3:0, 2:4) кеткен еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордада «Астана» грекиялық «Арис» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Одан кейін Қарағандының «Шахтері» сырт алаңда румыниялық ФКСБ клубына 0:1 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ, 21 шілдеде UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» Сербияның «Црвена Звезда» клубын 2:1 есебімен жеңген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT