UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Фоладан» басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Конференция лигасы плей-офф сатысында қазақстандық «Қайрат» алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық клуб плей-офф сатысында сырт алаңда Люксембургтің «Фола» командасымен кездесті.

Ойынның алғашқы кезеңінде екі команданың да гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Десе де футболшылар қақпаны дәл көздей алған жоқ.

Кездесудің 19-минутында алаң иелері қатарынан Мирза Мустафич мергендік танытқан еді. Бұдан кейін алматылық клуб қатарынан үш гол соғып кетті. Алдымен 28-минутта Артур Шушеначев таразы басын теңестірсді. Одан кейін Вагнер Лав 37, Рикарду Алвеш 43-минуттарда гол соғып, есепті үстемелей түсті. Ал 70-минутта Вагнер Лав пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Екі команданың қарымта кездесуі 26 тамызда Алматы қаласында өткізіледі.

Айта кеетйік, «Қайрат» алдымен Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби Хайфа» клубынан (1:1, 2:0) басым түсті. Одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» клубына (2:1, 0:5) жол беріп қойды.

Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Қайрат» Арменияның «Алашкертіне» (0:0, 2:3) есе жіберді.



Соңғы жаңалықтар