UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» бүгін «Омониямен» кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің алтыншы турында қазақстандық «Қайрат» сырт алаңда Кипрдің «Омония» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 02.00-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Қайрат» H тобында сынға түсті. Қарсыластары - Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» командалары.

Бұған дейін алматылық клуб өз тобында бес ойын өткізді. Алғашқы турда «Омониямен» тең түсіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді.

«Омония» 1948 жылы құрылған. Өзінің елінде 21 мәрте чемпион атанды.

Айта кетсек, «Омония» 1965/66 жылғы кезеңнен бері еурокубок ойындарына қатысып келеді.

2003-2004 жылғы кезеңде Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Қазақстанның «Ертісін» (0:0, 2:1) орта жолда қалдырып кетті.


Соңғы жаңалықтар