UEFA Конференция лигасы: «Астана» жарыстың үшінші сатысына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 шілдеде UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында қазақстандық «Астана» Грекияның «Арис» клубымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде елордалық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті. Сондықтан оларға үш гол айырмасымен жеңілмеуі тиіс болатын.

«Арис» футболшылары сол мақсатта ойын басынан алға қарай ұмтылды. Бірінші кезеңде тізгінді негізінен грекиялық ойыншылар ұстады десек те болады.

Нәтижесінде олардың қатарынан Димитриос Манос 36-минутта есеп ашып кетті. Бұдан кейін екі команданың есепті өзгертетін мүмкіндігі болған еді. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші кезеңде де алаң иелері гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Ойынның 78-минутында «Арис» ойыншысы Саша таразы басын теңестірді. Ойын овертаймға ұласып, 120-минутта «Астана» қорғаушысы Элен Битри жеңіс голын соқты. Осылайша елордалық клуб жарысты жалғастыратын болды. Олар енді 5 және 12 тамыз күндері Финляндияның КуПс командасымен кездеседі.

Айта кетсек, бүгін UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында Қарағандының «Шахтері» Румынияның ФКСБ (бұрынғы атауы «Стяуа») клубынан басым түсті.

Ал одан кейін «Тобыл» өз алаңында Хорватияның «Хайдук» командасының осал тұсын тапты.

Ал кеше, 28 шілдеде UEFA Чемпиондар лигасында «Қайрат» қарсыласынан ойсырай жеңілді. Енді олар Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Арменияның «Алашкерт» клубымен сынға түседі.



Соңғы жаңалықтар