Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

УЕФА Еуропа лигасы: Жартылай финалға шыққан командалар анықталды

2019 жылғы 19 сәуір 03:01 752
Бөлісіңіз:
УЕФА Еуропа лигасы: Жартылай финалға шыққан командалар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан УЕФА Еуропа лигасының ширек финалының қарымта ойындары өтті, леп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ұқсас жаңалықтар
ҚПЛ: «Қайсар» мен «Тобыл» жеңіске жетті ҚПЛ: «Астана» Павлодарда «Ертісті» ойсырата жеңді

Италияның Неаполь қаласында жергілікті «Наполи» Англияның «Арсенал» командасына жол берді. Аталмыш кездесуде гол 36-минутта соғылды. Бұл сәтте «Арсенал» шабуылшысы Александр Ляказет мергендік танытты.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде ағылшындар 2:0 есебімен басым түскен еді. Германияның «Айнтрахт» командасы өз алаңында Португалияның «Бенфика» командасын сүріндірді. Есеп 2:0.

Бұл ойында алаң иелері қатарынан Филип Костич 36, Себастьян Коде 67-минуттарда гол соқты. Апта бұрын өткен алғашқы кездесуде португал футболшылары 4:2 есбімен жеңіске жеткен еді.
Бүгінгі Англияның «Челси» және Чехияның «Славия» арасындағы кездесу голдарға толы болды. Ағылшындар қатарынан Педро Родригес 5, 27, Симон Дели 9, Оливье Жиру 17-минутта қарсыластар қақпасын дәл көздесе, чех футболшыларынан Томаш Соучек 26, Петр Шевчик 51, 54-минутта қанжығасын майлады.
Алғашқы кездесуде «Челси» 1:0 есебімен жеңген еді. Испанияның қос командасы - «Валенсия» мен «Вильярреал» арасындағы кездесуде алғашқысы 2:0 есебімен басым түсті. «Валенсия» клубынан Антонио Лагорре 13, Даниэль Парехо 54-минутта гол соғып кетті. Бірінші ойында валенсиялықтар аталмыш қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірген еді.
Енді жартылай финал ойындары 2 және 9 мамыр күндері өткізіледі. Жартылай финалда «Арсенал» және «Валенсия», «Челси» мен «Айнтрахт» командалары жұп құрады. Бұдан бұрын УЕФА Чемпиондар лигасы ширек финалы өткенін хабарлаған едік .  

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT