UEFA Еуропа лигасы: Топтық кезеңінің жеребесі тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысында барлығы 32 команда сынға түседі. Олар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.

Командалардың топтар бойынша орналасуы төмендегіше:

A тобы: «Лион» (Франция), «Рейнджерс» (Шотландия), «Спарта» (Чехия), «Брондбю» (Дания).

B тобы: «Монако» (Франция), «ПСВ» (Нидерланды), «Реал Сосьедад» (Испания), «Штурм» (Австрия).

C тобы: «Наполи» (Италия), «Лестер» (Англия), «Спартак» (Ресей), «Легия» (Польша).

D тобы: «Олимпиакос» (Грекия), «Айнтрахт» (Германия),«Фенербахче» (Түркия), «Антверпен» (Бельгия).

E тобы: «Лацио» (Италия), «Локомотив» (Ресей), «Марсель» (Франция), «Галатасарай» (Түркия).

F тобы: «Брага» (Португалия), «Црвена Звезда» (Сербия), «Лудогорец» (Болгария), «Мидтьюлланд» (Дания).

G тобы: «Байер» (Германия), «Селтик» (Шотландия), «Бетис» (Испания), «Ференцварош» (Венгрия).

H тобы: «Динамо Загреб» (Хорватия), «Генк» (Бельгия), «Вест Хэм» (Англия), «Рапид» (Австрия).

Топтық кезеңнің лғашқы туры 16 қыркүйекте басталып, 9 желтоқсанда мәресіне жетеді.

Финал 2022 жылдың 18 мамырына белгіленген.

Айта кетсек, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы: Топтық кезеңінің жеребесі тартылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар