UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған қатысатын 48 команда төрт себетке бөлінді. Әрбір топта сынға түсетін клубтар сол арқылы анықталды.

Жеребе нәтижесінде командалар 12 топқа төмендегіше бөлінді.

А тобы: «Рома» (Италия), «Янг Бойз» (Швейцария), ЧФР (Румыния), ЦСКА (София, Болгария);

В тобы: «Арсенал» (Англия), «Рапид» (Вена, Австрия), «Мольде» (Швеция), «Дандолк» (Ирландия);

С тобы: «Байер» (Германия), «Славия» (Чехия), «Хапоэль» (Безр-Шева, Израиль), «Ницца» (Франция);

D тобы: «Бенфика» (Португалия), «Стандард» (Бельгия), «Глазго Рейнджерс» (Шотландия), «Лех» (Польша);

Е тобы: ПСВ (Нидерланды), ПАОК (Грекия), «Гранада» (Испания), «Омония» (Кипр);

F тобы: «Наполи» (Италия), «Реал Сосьедад» (Испания), «Алкмаар» (Нидерланды), «Риека» (Хорватия);

G тобы: «Брага» (Португалия), «Лестер» (Англия), АЕК (Афины. Грекия), «Заря» (Украина);

Н тобы: «Селтик» (Шотландия), «Спарта Прага» (Чехия), «Милан» (Италия), «Лилль» (Франция);

I тобы: «Вильяреал» (Испания), «Карабах» (Әзербайжан), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль), «Сиваспор» (Түркия);

J тобы: «Тоттенхэм» (Англия), «Лудогорец» (Болгария), ЛАСК (Австрия), «Антверпен» (Бельгия);

K тобы: ЦСКА (Ресей), «Динамо» (Загреб, Хорватия), «Фейенорд» (Нидерланды), «Вольфсберг» (Австрия);

L тобы: «Гент» (Бельгия), «Црвена Звезда» (Сербия), «Хоффенхайм» (Германия), «Слован» (Либерец, Чехия);

Топтық кезеңнің алғашқы ойыны 22 қазанда басталады. Финал 2021 жылдың 26 мамырында Польшаның Гданьск қаласындағы «PGE Arena» стадионында өтеді.

Сондай-ақ, 1 қазанда UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды.


Соңғы жаңалықтар