УЕФА Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының барлық матчтарын тоқтатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының барлық матчтарын ресми түрде тоқтатты. Бұл туралы УЕФА-ның Twitter-дегі парақшасында хабарланған.

Еске сала кетейік, лондондық «Арсенал» футбол клубының бас жаттықтырушысы Микель Артетадан коронавирус анықталған болатын.

Ал белгілі футболшы Криштиану Роналду карантинге жатқызылды. Сондай-ақ, лондондық «Челсидің» 19 жастағы шабуылшысы Каллум Хадсон-Одои коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік.





Соңғы жаңалықтар