УЕФА Чемпиондар лигасындағы ең үздік гол соғушыларды атады

Фото: None
АСТАНА.ҚазАқпарат - УЕФА-ның техникалық бақылаушылары Чемпиондар лигасы кезеңіндегі ең үздік гол соғушылардың ондығын атады.

Хорватия құрамасының шабуылшысы, «Ювентус» футбол командасының ойыншысы Марио Манджукичтің 2016/17 кезеңінде Чемпиондар лигасының финалындағы мадридтік «Реал» қақпасына соққан добы турнирдің үздік голы деп танылды.

Үздік гол ондығына Каземироның ("Реал" 3:1 "Наполи"), Томас Дилейнимнің ("Копенгаген" 4:0 "Брюгге"), Арьен Роббеннің ("Бавария" 5:1 "Арсенал"), Гонсало Игуаиннің ("Монако" 0:2 "Ювентус"), Месут Озилдің ("Лудогорец" 2:3 "Арсенал"), Антуан Гризманның ресей клубы қақпасына ("Атлетико" 2:1 "Ростов"), Дани Алвестің ("Ювентус" 2:1 "Монако") соққан доптары кірді. Сондай-ақ ең көп гол салған Криштиану Роналду ("Реал" 2:1 "Спортинг") мен Алексис Санчес ("Арсенал" 6:0 "Лудогорец") турнирдің үздік шабуылшылары атанды.

Соңғы жаңалықтар