УЕФА Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұптары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұптары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, елордалық «Астана» Данияда «Мидтьюлланд» командасымен екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойында 0:0 есебімен тең түсіп, Астанадағы ойын нәтижесі бойынша жарысты жалғастыруға мүмкіндік алған болатын.

«Астана» үшінші раундта Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасымен ойнайды.

Алғашқы кездесулер 7-8 тамыз күндері, қарымта ойындар 14 тамызда болады.

ЕЧЛ үшінші іріктеу раундының жұптары келесідей:

«Астана» (Қазақстан) - «Динамо» (Хорватия)

«Селтик» (Шотландия) - АЕК (Грекия)

«Зальцбург» (Аустрия) - «Шкендия» (Македония)

«Црвена Звезда» (Сербия) - «Спартак» (Словакия)

«Карабах» (Әзербайжан) - БАТЭ (Беларусь)

«Мальме» (Швеция) - «МОЛ Види» (Мажарстан)

«Стандард» (Бельгия) - «Аякс» (Голландия)

«Бенфика» (Португалия) - «Фенербахче» (Түркия)

«Славия» (Чехия) - «Динамо» (Украина)

ПАОК (Грекия) - «Спартак» (Ресей).

Соңғы жаңалықтар