UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияның Женева қаласында UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған қатысатын 32 команда төрт себетке бөлінген. Әрбір топта сынға түсетін клубтар сол арқылы анықталады.

Алғашқы себетте «Бавария» (Мюнхен, Германия), «Севилья», «Реал» (Мадрид) (екеуі де - Испания), «Ливерпуль» (Англия), «Ювентус» (Турин, Италия), ПСЖ (Франция), «Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей), «Порту» (Португалия) клубтары бар.

Ал екінші себетте «Барселона», «Атлетико» (екеуі де - Испания), «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Челси» (барлығы - Англия), «Шахтер» (Донецк, Украина), «Боруссия» (Дортмунд, Германия), «Аякс» (Амстердам, Нидерланды) орналасқан.

Үшінші себетке «Динамо» (Киев, Украина), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Интер» (Милан), «Лацио» (Рим), «Аталанта» (Бергамо) (барлығы - Италия), «Олимпиакос» (Грекия), «Краснодар» (Ресей) енгізілген.

Сондай-ақ, төртінші себетке «Локомотив» (Ресей), «Марсель», «Ренн» (екеуі де - Франция), «Брюгге» (Бельгия), «Боруссия» (Менхенгладбах, Германия), «Истанбул Башакшехир» (Түркия), «Мидтьюлланн» (Дания) және «Ференцварош» (Венгрия) топтастырылған.

Естеріңізге сала кетелік, жеребе тарту рәсімі елорда уақытымен 21.00-де басталады. Тікелей телекөрсетілім UEFA ресми сайтында жүргізіледі.

Айта кетелік, топтық кезең ойындары 20 қазанда басталып, 9 желтоқсанда мәресіне жетеді. Ал 1/8 финал 16-17 ақпан және 16-17 наурызда болса, ширек финал 6-7 сәуір мен 13-14 сәуірде ойналады.

Жартылай финалға шыққан командалар 27-28 сәуір мен 4-5 мамырда шеберлік байқасады. Финал 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында өткізіледі.

Биыл Чемпиондар лигасында «Бавария» алтыншы мәрте жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, неміс командасы UEFA суперкубогының иегері болды.


Соңғы жаңалықтар