UEFA Чемпиондар лигасы: «Қайрат» қарсыласынан ойсырай жеңілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында Алматының «Қайраты» сырт алаңда Сербияның «Црвена Звезда» командасымен қарымта ойында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы алғашқы кездесуде алматылық клуб аталған қарсыласынан 2:1 есебімен басым түскен еді.

Алматылық команда бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасын (2:0, 1:1) орта жолда қалдырып кетті. Ал «Црвена Звезда» екінші іріктеу сатысына жолдама алған.

Бүгінгі кездесуде сербиялық футболшылар сәтті ойын көрсетті. Бірінші кезеңнің өзінде олардың қатарынан Александар Катаи 9, 42, Луа Дьони 21-минуттарда мергендік танытты.

Екінші кезеңде сербиялық команда басымдығын арттыра түсті. Алдымен Мирко Иванич 49-минутта есепті үстемелей түссе, Филиппо Фалько 56-минутта қақпаны дәл көздеді.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді. Сербиялық клуб жарысты жалғастырады.

«Қайрат» енді 5 тамызда Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Арменияның «Алашкерт» клубымен сынға түседі

Ал «Црвена Звезда» үшінші іріктеу сатысында Молдованың «Шериф» командасымен шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар