UEFA Чемпиондар лигасы: Бүгін топтық кезеңінің үшінші туры басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тур ойындары екі күнге белгіленген. Бүгін, 19 қазанда А, В, C, D топтарында ойындар өткізіледі.

Жанкүйерлер В тобындағы «Атлетико Мадрид» (Испания) және «Ливерпуль» (Англия) кездесуіне көз тігеді. Алғашқы екі турда ағылшындар ұпай жоғалтпай көш бастаса, испаниялық клуб бір жеңіс пен бір тең ойынмен екінші орында тұр.

Аталған ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.

Сондай-ақ, бұл топта «Порту» (Португалия) пен «Милан» (Италия) командалары шеберлік байқасады.

Қазақстандық жанкүйерлер «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде елорда уақытымен 00.50-де А тобындағы «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Лейпциг» (Германия) ойынын тамашалай алады. Бұл топта «Брюгге» (Бельгия) мен «Манчестер Сити» (Англия) командалары жасыл алаңға шығады.

Ал С тобында «Бешикташ» (Түркия) пен «Спортинг Лиссабон» (Португалия), «Аякс» (Голландия) пен «Боруссия Дортмунд» (Германия) командалары кездеседі.

D тобында «Интер Милан» (Италия) мен «Шериф» (Молдова), «Шахтер Донецк» (Украина) мен «Реал Мадрид» (Испания) клубтары ойнайды.

Қалған топтардағы ойындар 20 қазанға белгіленген.


Соңғы жаңалықтар