УЕФА Чемпиондар лигасы: 3 команда бес- бестен гол соқты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Еуропа Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 3-тур ойындары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3-турдың орталық ойындарының бірі Ыстанбұлда жергілікті «Галатасарай» және Испанияның «Реал Мадрид» командалары арасында болды. Зинедин Зидан шәкірттері өткен екі ойында жалғыз ұпай алғандықтан, бүгінгі ойын олар үшін аса маңызды еді. Өйткені, егер «Мадрид» ұтылса, тарихта алғаш рет топтан шыға алмай қалуы мүмкін. Сондықтан испаниялықтар алғашқы минуттардан-ақ шабуылға лап қойды. Тони Кроостың 18-минуттағы голы «Мадридтің» 1:0 есебімен жеңуіне себеп болды.

Чемпиондар лигасының 3-туры жанкүйерлерді голдарымен қуантты деуге болады.

ПСЖ сырт алаңда «Брюггені» 5:0, «Тоттенхэм» Лондонда «Црвена Звезданы» 5:0, «Манчестер Сити» өз алаңында «Аталантаны» 5:1 есебімен жеңді.

Сондай-ақ «Шахтер Донецк» және «Динамо Загреб» ойынында 2:2, «Атлетико Мадрид» - «Байер» матчында 1:0, «Олимпиакос» - «Бавария» кездесуінде 2:3 есебі тіркелді.

Туриннің «Ювентус» клубы Мәскеудің «Локомотивін» қабылдап, 2:1 есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар