УЕФА Чемпиондар лигасы: 11 минутта 4 гол соғылып, рекорд жаңартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Манчестер Сити» мен «Тоттенхэм» командалары арасындағы кездесудің бірінші таймы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Англияның қос клубы арасындағы кездесу жылдам шабуылдармен басталды. Бұл ойында голдар да көп болды. Әуелі, алаң иелері - «Манчестер Сити» футболшылары төртінші минутта нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Жас ойыншы Рахим Стерлинг командасын алға шығарды. 1:0. Бұл есеп небәрі 3 минуттан соң өзгерді. Қонақ команданың шабуылшысы Хын Мин Сон таразы басын теңестіріп, артынша, есепті еселеді. 1:2. Ойын қарқыны мұнымен бәсеңдемеді. 11-минутта «Манчестер Сити» футболшысы Бернарду Силва қайтадан есепті теңестірді. Міне, қызық. 11 минуттың ішінде 4 гол! Бұл УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа рекорды. Бұған дейін "Дебрецен" - "Фиорентина" (3:4) ойынында қарсыластар 20 минуттың ішінде 4 гол соққан еді.

Жанкүйерлер бүгінгі матчтың бірінші таймында осындай ерекше оқиғаға куә болды. Оның авторы тағы да Стерлинг.

Соңғы жаңалықтар