УЕФА «Астананы» жазалап, еурокубоктардан шеттететіндігі туралы ескертті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - УЕФА ресми сайтының хабарлауынша, Одақ мерзімі өткен кредиторлық берешегі үшін сегіз клубқа, оның ішінде қазақстандық «Астанаға» да санкция салған, деп жазады Sports.kz.

Сөйтіп, елордалық клубқа 150 мың еуро айыппұл салынды. Сонымен қатар, «Астанаға» үш жылға дейінгі мерзімге еуропалық жарыстарға қатысудан шеттету түріндегі шартты жаза тағайындалды, ол күшіне енеді және клуб 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін төлемді төлемесе, «шартты» префиксін жоғалтады.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» өткен маусымда екінші орын алып, УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығын жеңіп алған болатын.


Соңғы жаңалықтар